Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Популярное сегодня


Реклама партнёров



Сейчас читают


Реклама посетителей

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Алматыда Мемлекет басшысы алға қойған ауқымды міндеттерді жү...



Алматыда Мемлекет басшысы алға қойған ауқымды міндеттерді жү...

Алматыда Мемлекет басшысы алға қойған ауқымды міндеттерді жү...
Алматыда ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев алға қойған ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға қатысты кеңес өтті. Оның барысында Алматы әкімі Б.Байбек Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда бірқатар шаралардың іске асқандығын айтты. Олар: «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына көлікпен баруға тыйым салынды, Әл- Фараби даңғылының жоғары жағына тек 3 қабатты,биіктігі 12 метрден, ал ені 15 метрден аспайтын нысандар салу туралы әкімдіктің қаулысы қабылданды, Әл- Фараби даңғылының жоғары жағында заңсыз салынған обьектілерді сүру шаралары қолға алынды, - деп хабарлайды zakon.kz, Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қаланы абаттандыру, жасылдандыру, әуежайды дамыту, жұмыссыздықты азайту,алматылықтардың тұрмыс деңгейін көтеру, қала тұрғындарының өмір сүруінің сапалық стандартын арттыру мәселелері қаралған болатын», - деді Б.Байбек. Атап өтерлік жайт, бұл шаралардың барлығы қаланың экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалуда. Алматының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасында экология мәселесіне ерекше назар аударылған. Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев Әл- Фараби даңғылының жоғары жағындағы жалпы көлемі 37,4 мың га (құрылыс аймағы 6,5 мың га) болатын қаланың оңтүстік аумағы қала құрылымында стратегиялық мәнге ие әрі мегаполистің эколгиялық жағдайын жасқартуда аса маңызды екендігін атап өтті. «Бұл аймақта құрылыс жүргізуге талапты барынша күшейту ауаның өзін- өзі тазартуына кең мүмкіндік береді, қаланың орталық бөілігінің экологиялық ахуалын жақсартады. Ең бастысы, Іле Алатауының табиғи келбетін айшықтай түседі. Қаланың солтүстік, батыс және шығыс бөліктерінде көп қабатты үйлер салуға мүмкіндіктер мол», - деді Б.Сауранбаев. Жиын барысында қалада заңсыз салынған нысандардың сүрілетіндігі де айтылды. Мемлекет басшысының осы іске қатысты қойған тапсырмасын орындау барысында мынадай шаралар жүзеге асты. Олар: «Медеу» паркінің аумағына мониторинг жүргізу барысында жүргізілген құрылыстардың түрлі деңгейде екендігі, салынып жатқан 15 нысанның 7-інің бос тұрғаны, 3-інің салынып жатқандығы, 5-інің иесіз қалғандығы анықталды. Оның үстіне, 5 объектінің құрылыс жүргізуге қатысты рұқсат құжаттары жоқ болып шықты, бұлардың барлығына қатаң шщаралар қолданылады, сот арқылы сүрілетін болады. Іле - Алатау ұлттық табиғи паркіне қатысты 11 нысанның бар екендігі, оның 2-нің бос тұрғаны,5-інің салынып жатқандығы,4-інің иесіз қалғандығы анықталды. Қазіргі кезде осы нысандар жөнінде ақпараттар жинау процедурасы жүріп жатыр. Әл- Фараби даңғылының оңтүстік бөлігіне де мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде мұнда 37 нысанның бар екендігі, 14-нің бос тұрғаны,19-ның салынып жатқандығы,4-інің құрылысы аяқталғандығы белгілі болды. Ал, 11 объектінің құрылыс жүргізу жөніндегі рұқсат құжаттары жоқ болып шықты. Бұлар да соттың шешімімен сүріледі. «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының маңында салынып жатқан құрылыс нысандары жоқ. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 16 ақпанында Мемлекет басшысы мегаполисті дамыту жөнінде кеңес өткізіп, онда қаланың 2015 жылғы әлеуметтік- экномикалық дамуының қорытындылары және 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық мәселелері қаралған болатын. Фото: chronicle.kz


Источник

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 7
Работа на дому


Время загрузки страницы 2.591 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>