Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Ақтөбе облысында су басуы мүмкін аумақтарда 89 құт ...



Ақтөбе облысында су басуы мүмкін аумақтарда 89 құт ...

Ақтөбе облысында су басуы мүмкін аумақтарда 89 құт...
Ақтөбе облысында су басуы мүмкін аумақтарда 89 құтқару қосыны тұрғындарды құтқаруға дайын, деп хабарлайды Zakon . kz , «Ақтөбе Ақпарат» орталығы таратқан мәліметке сүйеніп. «Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласы мен елді мекендердің аумағынан 215 мың тонна қар шығарылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта аймақтағы қар мөлшерінің орташа көрсеткіші 20 миллиметр болса, аймақта 80 миллиметрден 150 миллиметр аралығында. Алдын ала болжамдарға сүйенсек, Ақтөбе облысындағы өзен-көлдердегі су мөлшері 2015 жылмен салыстырғанда көбірек болады » , - деп атап өтті Сыздыков. Оның айтуына қарағанда, өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, өңірде 50 су басу қаупі бар учаске анықталып отыр. Су басып қалуы мүмкін аумаққа 36 елді мекен кіреді, ондағы тұрғындар саны 12 мыңнан асады. Ведомство басшысының айтуынша, қажет болған жағдайда адамдарды құтқаруды ұйымдастыру шаралары қолға алынады, олардың барлығы арнайы дайындалған 89 қосынға орналастырылады. Жалпы, облыстың бас құтқарушысының айтуына қарағанда, аймақтағы көктемгі су тасқынына бұрын бекітілген шаралар жоспары аясында дайындық жұмыстары жүргізіліп келеді. Облыстық, қалалық және аудандық суға қарсы комиссиялар құрылып, жұмыстарына кірісті. Су басу салдарын жою үшін 115 тонна жанар-жағармай, 10 тоннадай инертті материал, 5 тонна жарылғыш зат қоры әзірленді. Суға қарсы күрес шараларын ұйымдастыру мен өткізуге облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармада резервте 173,8 млн. теңге қарастырылған. Қажет болған жағдайда облыс бюджетінен қосымша қаражат бөлінетін болады.



Источник: uralskweek.kz

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 8
Работа на дому


Время загрузки страницы 2.229 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>