Новости Казахстана
Информационный портал
  Locman.kz Размер шрифта Вверх

Календарь новостей

Размер шрифта

Прогноз погоды


Курс валют
Валюта Покупка Продажа
$
P


Алматыда 700 адамды алдаған алаяқтар тобы қолға түсті



Алматыда 700 адамды алдаған алаяқтар тобы қолға түсті

Алматыда 700 адамды алдаған алаяқтар тобы қолға түсті
Алматыда алаяқтардың әрекетінен 700-ден астам адам зардап шегіп отыр. Бұл туралы Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. 10 қаңтар күні Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің көлеңкелі экономикаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері талай адамды сан соқтырып, алаяқтықпен айналысқан тағы бір ұйымдасқан қылмысты топтың жолын кесті. Олардың Астана, Алматы және басқа да облыс орталықтарында қаржылық пирамида ұйымдастырғаны әшкере болды. Қылмысты топтың құрамында Ресей азаматтары да бар. Аталған қылмысты топ 2014-2015 жылдары екінші дәрежедегі банктен несие алған тұтынушыларды алдаған. Негізгі мақсаттары – несие алушылар несиенің 30-дан 80 пайызға дейінгі мөлшерін «Фин Статус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аударған жағдайда, алған несиесінің уақытында жабылуына кепілдік берген. Ал несиені жабу схемасын жаппай түсіп жатқан ақшамен бірте-бірте кезекпен жабу арқылы алдаған. Бүгінде ұйымдасқан қылмыстық топтың алдауына ұрынған салымшылар саны 700-ден асып кетіп отыр. Ал несиелік салымның мөлшері жарты миллиард теңгеге жеткен. Бұл ақшалар қылмысты топтың есеп шоттарына аударылып, содан кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып отырған. Қазіргі уақытта қаржылық пирамиданы құрушылар Ресей азаматтары ағайынды Ильдар Альбертович Зиатдинов пен Роберт Альбертович Зиатдинов соттың санкциясымен қамауға алынды. Ендігі таңда қаржылық пирамидаға алданған салымшылардың қаражатын қайтару және қылмысты топтың басқа да мүшелерін құрықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Фин Статус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен сыбайлас болған «Фин Статус Консалт», «Фин Статус дизайн», «Фин Статус Инвест», «МФО Фин Статус займ», «Профит групп», «Эверест финанс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қызметі де тексерілуде. Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі аталған серіктестіктермен қосымша несие жабу жөнінде келісім жасап, алаяқтарға алданған басқа да салымшылар болатын болса, тиісті құжаттарын әкелу арқылы Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметіне хабарласуларына болады. Айнаш Есали Фото: thenews.kz


Источник: uralskweek.kz

Поделитесь с друзьями



Комментарии пока отсутствуют







На главную
Назад
Следующая

Просмотров 11
Работа на дому


Время загрузки страницы 2.137 сек.
Хостинг - Разработка - Сопровождение.
Copyright © 2007-2015 All Rights Reserved
?>